9 мамыр – қазақ халқының тарихындағы айтулы күндердің бірі. Бұл күні Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымызды, туған елдің тәуелсіздігі үшін жан қиған боздақтарымызды еске алып бас иетін күн! Біз майданда жеңісті жақындатқандарды ғана емес, сонымен қатар жеңіске жету үшін сенімді тылға айналып, өздерінің жанқиярлық еңбегімен әскерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз еткен жандарды мәңгі есте сақтаймыз. Біздің қымбатты ардагерлерімізге зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз. Соғыс Батырларына мәңгілік даңқ пен тағзым!
Құрметпен,
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымы