29.11.2021 Алматыда ЖЭО-2 нысанын жаңғырту жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға әсерді азайту мәселелері қоғамдық тыңдауда қала тұрғындарымен бірге талқыланды.

Общественные слушания

Жария тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес ұйымдастырылып отыр, шара жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) Тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН құжатын әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ қатысуымен және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы өкілінің төрағалығымен өтуде.

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер тезис ретінде беріліп отыр:

- 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кестеге сәйкес ескі ЖЭО-2 алаңында жаңа станция құрылысын бастау жоспарлануда. Станцияның бірінші блогын көгілдір отынға қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН құжаттары кешендік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Қорытынды шешім шартта көрсетілген мерзімге сәйкес 2021 жылғы желтоқсан айының соңында берілмек.

- Жаңа станция жобасы белгіленген электр қуатының 600 МВт дейінгі мөлшерде болуын, ал жылу қуатының  957 Гкал/сағ. болуын көздейді. Электр станциясы когенерация қағидатын пайдалана отырып, яғни жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бу-газ технологиялары негізінде салынған экологиялық таза отынмен - табиғи газбен жұмыс істейтін болады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, мұнда дәстүрлі бу турбиналық цикл технологиясына қарағанда табиғи газды тиімдірек жағуға мүмкіндік беретін ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану көзделіп отыр.

- ТЭН әзірлеу барысында газ турбиналық жабдықтарды дайындаушы зауыттардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Мұқият талдаудан кейін түпкілікті таңдау әлемнің жетекші 3 өндірушісін саралады: General Electric, Siemens, Mitsui, олардың жабдықтарының қолданыстағы жағдайларға сәйкес келетіндігі ескерілді. Аталған өндірушілердің ұсынысы ТЭН-де қаралды.

Станцияның әрқайсысы 200 МВт-тық блогының пайдалануға берілуіне қарай жаңа жабдық қолданыстағыларды консервациялауға шығаруды кезең-кезеңімен алмастыратын болады. Электр энергиясы мен жылу өндіру тоқтатылмайды.

- Негізгі технологиялық жабдықтар: газ турбиналары, бу турбинасы және қажетті қазандықтар Қазақстанда өндірілмейтін болғандықтан сырттан (импорт) әкелінеді. Басқа жабдықтар (трансформаторлар, кабель өнімдері, сорғылар және т.б.) жергілікті өндіріс өнімдері. Отандық өндірісті қамтудың мәні шамамен 64%-ды құрап отыр.

29.11.2021 Алматыда ЖЭО-2 нысанын газға ауыстыруға қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті 29.11.2021 Алматыда ЖЭО-2 нысанын газға ауыстыруға қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар