Бүгіннен, яғни 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің тұтынушы-заңды тұлғалары электр энергиясы үшін төлемді Жеке кабинетте Visa немесе MasterCard банктік карталары арқылы тікелей жүргізе алады.

Жеке кабинеттің функционалы жаңартылғаннан және электрондық құжат айналымы енгізілгеннен кейін тұтынушы-заңды тұлғалар үшін онлайн-қызметтердің тағы бір түрі қолжетімді болды: Жеке кабинетте төлем карталарының көмегімен электр энергиясының шоттарын төлеу.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС онлайн қызметтерді ұсыну бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері Алматы қаласының 500-ге жуық компаниясы бізбен өзара іс-қимыл жасау үшін онлайн форматты тұрақты түрде пайдаланады, - деп атап өтті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директорының жабдықтау жөнінен орынбасары Ольга Антонова, - Клиенттеріміздің төлем қауіпсіздігі бірінші орында, сондықтан заңды тұлғалардың тұтынылған электр энергиясы үшін банктік картамен онлайн төлем жүргізуді іске қосу қазір ғана орын алды. Тұтынушы жеке тұлғалардың едәуір бөлігі көптеген жылдар бойы қашықтықтан төлем әдісін (терминалдар мен банктік қосымшалар арқылы) қолданатынын еске саламын. Енді біздің клиенттеріміз заңды тұлғалар тұтынылған электр энергиясы үшін төлем бойынша барлық өзара іс-қимылды онлайн-режимде жасай алатынына өте қуаныштымыз».

Заңды тұлғаларға арналған Жеке кабинеттегі онлайн төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігі қағидаларының негізінде жүзеге асырылады, бұл үшін жабық байланыс арналары арқылы деректерді тексерудің, шифрлаудың және берудің ең озық әдістері қолданылады.

Тұтынылған электр энергиясына төлем жасау үшін заңды тұлғаларға:

  1. ұйымның ЭЦҚ көмегімен Жеке кабинетке кіру,
  2. «Есептік нысандар» бөлімінде «Төлем шотын» және «кезеңді» таңдау (егер есепке алу құралдарынан көрсеткіштер берілген және Төлем шоты ұсынылған жағдайда),
  3. «Төлеу» батырмасын басу қажет.

Жеке кабинетте тіркелу бойынша бейне нұсқаулық келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://esalmaty.kz/ru/i3398.

juuh2 

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің баспасөз қызметі +7 (727) 356-04-31

E-mail: aespress@esalmaty.kz; Web-сайт: www.esalmaty.kz

Әлеум.желілер: https://www.instagram.com/esalmaty.kz/ https://www.facebook.com/esalmaty.kz/

Тәулік бойы қызмет көрсететін контакт-орталығы:  +7 (727) 356-99-99.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС цифрландыру жаңалықтары «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС цифрландыру жаңалықтары
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар