Электр энергиясына тарифті көтеру
жеке тұлғаларға әсер етпейді
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС а.ж. 1 қыркүйегінен бастап электр энергиясына шекті тарифті қолданыстағымен салыстырғанда орташа есеппен 7,9%-ға көтеретінін хабарлайды. Сонымен қатар жеке тұлғалар немесе электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифі өзгеріссіз қалады.
Тарифтің өзгеруі ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 29 маусымдағы №243 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің ұлғаюына байланысты.
Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағының тұтынушылары үшін 2020 жылғы
1 қыркүйектен бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерімен келісілген келесідей тарифтер қолданылатын болады:
- I – топ: электр энергиясын өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 17,12 теңге (1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 19,17 теңге);
- II – топ: электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 18,47 теңге (1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 20,69 теңге);
- III – топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар –
1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 25,93 теңге (1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 29,04 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын, бірақ пәтерде/үйде тұрақты тұратын әрбір адамға тұтыну көлеміне қарай тарифтің саралануын пайдаланбайтын тұтынушы жеке тұлғалар үшін тариф өзгеріссіз қалатынына және 1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 17,12 теңгені (1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 19,17 теңге) құрайтынына назар аударамыз.
Электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағының жеке тұлғаларының электр энергиясын тұтыну көлеміне* қарай сараланған тариф мөлшерлемелері де өзгеріссіз қалады, атап айтқанда:
- бірінші деңгейдегі сараланған тариф – 1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 15,88 теңге
(1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 17,79 теңге); - екінші деңгейдегі сараланған тариф – 1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 20,54 теңге
(1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 23,00 теңге); - үшінші деңгейдегі сараланған тариф – 1 кВт*с үшін ҚҚС-сыз 25,68 теңге
(1 кВт*с үшін ҚҚС-пен 28,76 теңге).
*Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағының тұрғындары үшін электр плиталарын пайдалануға немесе пайдаланбауға байланысты тұтыну көлемдері «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің www.esalmaty.kz ресми сайтында қолжетімді.