1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Спикер электр энергиясына тарифтер заңға сәйкес 7 жылға белгіленетінін атап өтті. Бұл ретте, энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шығындары нақты ұлғайған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға шекті тарифтерді түзетуге өтінім беруге құқылы.

2020 жылдың басынан бастап ЭӨҰ-ға тәуелсіз отын сатып алу бойынша шығындар ұлғайғандықтан, Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары ағымдағы жылдың сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді.

"44 энергия өндіруші ұйымның 35-тен өтінім берілді. Оларды қарау кезінде министрлік әр жағдай бойынша жеке тәсілді қолданды. Дер кезінде шешім қабылдауды талап ететін өтінімдер назарға алынды. Бұйрықтың жобасы 2020 жылғы 10 маусымда ашық НҚА сайтында жарияланды. Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және энергетика министрлігінде аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен талқылаулар өтті. Бұйрық жобасы қоғамдық кеңесте қаралды, сондай-ақ ашық НҚА порталының электрондық алаңында талқыланды", – деді А. Дәрібаев

Оның айтуынша, электр энергетикасы саласын қолдау үшін министрлік ағымдағы жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығымен тарифтерге түзетулер енгізді. Бұл бұйрық 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуі керек. Бұл ретте Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің өсуі орташа алғанда 16 % деңгейде болжанады.

Бұдан әрі А.Дәрібаев Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа, Қазақстанның барлық дерлік өңірлері бойынша электр энергиясын сататын Екібастұз ГРЭС-1-дің шекті тарифі елеусіз, 0,7% ға ұлғайғанын хабарлады. Ұйымдардың басқа станциялары тарифтерінің 12-ден 24% ға дейінгі диапазонда өсуі аясында Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифінің сақталуы түпкілікті тарифтерге ең аз әсер етеді. 44 энергия өндіруші ұйымның 9 энергия өндіруші ұйымы бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталды. Бір энергия өндіруші ұйым бойынша тариф 7%-ға төмендетілді. 34 ЭӨҰ-ның 18 энергия өндіруші ұйымы бойынша тариф 20%-ға дейін ұлғайды, қалған 16 станция бойынша 20%-дан астам өсім болды.

А. Дәрібаев электр станцияларының шекті тарифтерін уақтылы түзету оларды жаңғырту, алдағы күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өту және ағымдағы жылдан бастап апатты жағдайларды азайту үшін жөндеу науқандары бойынша жұмысты бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, департамент директоры ЭӨҰ шекті тарифтері өзгерген кезде статистикалық орта пәтерлер бойынша соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеуге арналған орташа шот төртінші тоқсаннан ерте емес, ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден аспайтын шамаға өсуі мүмкін екенін түсіндірді. Халық үшін шекті тарифтерді көтеру туралы шешім Ұлттық экономика министрлігінің құзырында. Бұдан басқа, электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау елдің үздіксіз жұмысы мен электр энергиясымен қамтамасыз етілуі тәуелді 44 энергия өндіруші ұйымның өндірістік персоналының 27 мыңнан астам жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.

Дереккөзге сілтеме: https://forbes.kz/news/2020/06/30/newsid_228513

Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясы қымбаттайды Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясы қымбаттайды
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар