Күннің жылуына байланысты жеке құрылыс және жөндеу жұмыстары басталып-та кетті. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-1) тармақшасына сәйкес Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын еске сала кетуді жөн санады.

Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық жұмыс істеп тұрған, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын электр желілеріне, оның ішінде ұлттық электр желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

Электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін бақылау қарауында осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған кездегі жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін иемденбей, белгіленеді.

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері электр желілерінің, оның ішінде олардың аумақтары бойынша өтетін электр желілерінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.

Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Егер механизмдегі не оның жылжымалы бөлігіндегі ауадан, сондай-ақ көтерілетін жүктің олардың кез келген қалыбындағы (оның ішінде аса ауыр көтергенде немесе ұшқанда) жақын арадағы кернеуде тұрған сымға дейінгі арақашықтық Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес келсе әртүрлі механизмдерді пайдалана отырып, әуе электр беру желілерінің маңындағы жұмыстарды орындау жүзеге асырылады.

Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:

      1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);

      2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

      3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;

      4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;

      5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;

      6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;

      7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;

      8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.

Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын пайдаланудың ерекше шарттары туралы Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын пайдаланудың ерекше шарттары туралы
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар