Алматы энергетиктері өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысын қорытындылады. Мамандар атап өткендей, еліміздің мегаполистерінің бірінің бірыңғай энергия жүйесі 2019-2020 жылыту маусымының барлық міндеттерін сәтті орындады. Электр станцияларының сенімді жұмысы қамтамасыз етілді, өндіруші қуаттардың қажетті резерві және электр беру желілерінің өткізу қабілеті сақталды.

Алматы қаласы әкімдігінің №2/124 қаулысына сәйкес, тұрақты жылы ауа райының келуіне байланысты, жылу беру 2020 жылғы 22 сәуірде тоқтатылды.

Тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындай отырып, есепті кезеңде «Алматы электр станциялары» АҚ 3,4 млрд. кВ*с электр энергиясын және 4,4 млн. Гкал жылу энергиясын өндірді.

– Жалпы жылу беру маусымы сәтті өтті, бұны қала мен Алматы облысы аймағының тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету куәландырады. «АлЭС» АҚ негізгі және қосалқы жабдықтарды қайта жаңарту бойынша жөндеу науқанын бастайды, - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ штаттық режимде қысқы жүктеменің максимумынан өтті. Алматы энергия торабының 2019-2020 күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтынуы 1 491 МВт құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 МВт-қа артық.

2019-2020 КҚК-ге дайындық кезеңінде жүргізілген жұмыстың арқасында «АЖК» АҚ тұтынушыларды өшіруді азайтып, жүктеменің технологиялық минимумын сақтау мүмкін болды. Осылайша, 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңде 1-ші дәрежелі апаттар мен істен шығулар болған жоқ, 2-ші дәрежелі істен шығулардың тіркелген саны 464, бұл өткен жылдың кезеңіндегі деректерден асып түскен жоқ.

КҚК өту кезеңінде Алматы облысының тұтынушыларын энергиямен үздіксіз жабдықтауды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен, Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарының тұтынушыларын, сондай-ақ Алматы қаласының батыс маңын электр энергиясымен қамтамасыз еткен қуаты 250 МВА болатын «Қаскелең» жаңа қосалқы станциясы іске қосылды.

Анықтама:

Алматы энергия кешені қамтиды: «АлЭС» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылатын және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағының шамамен 76%-ын және электр энергиясының 60%-ын қамтамасыз етеді, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) – республиканың оңтүстігіндегі электр энергиясын тасымалдау және бөлу бойынша ірі энергетикалық компания және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС – Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағын үздіксіз электрмен жабдықтауға және электр энергиясына есеп айырысу бөлігінде тұтынушыларға қызмет көрсетуге жауапты. Осылайша, өндірістік процесті үш құрамдас бөлікке бөлу – өндіріс, тасымалдау және өткізу – Алматы энергия кешенінің энергетиктері табысты түрде пайдаланатын жаңа бизнес-модельдерді енгізуге мүмкіндік береді. Компаниялар «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингінің құрылымына кіреді.

Суреттерді мына жерден жүктеуге болады: https://yadi.sk/d/6XnrhG7d0efrCg

Алматы энергия кешені 2019-2020 жылыту маусымының қорытындысын шығарды Алматы энергия кешені 2019-2020 жылыту маусымының қорытындысын шығарды
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар