Жаңа үлгідегі шот 2020ж. сәуір айынан бастап басып шығарылады және тұтынушыларға жеткізілетін болады

2020 жылдан бастап халықтан шот-түбіртектер бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуді қабылдайтын Қазақстан Республикасының банктері және «АЛСЕКО» АҚ төлем туралы ақпаратты электрондық түрде сақтау тәсіліне көшті. Осылайша, бұрын төлеген кезде банкте қалып сақталатын шоттын жоғарғы бөлігінің қажеттілігі жоғалды. Осыған байланысты Алматы қ. бойынша коммуналдық қызметтердің негізгі жеткізушілері тұрғындарға шотты толтыру үдерісін жеңілдету және тұтынушылардың ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында шоттың сыртқы түрін өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді төлем жасағаннан кейін қағаз шот тек қызмет тұтынушыда сақталатын болады.

Тұтынушылар ие болатын артықшылықтар: шотты толтыру уақытын үнемдеу, есептеу құралдарының көрсеткіштерін және төлем сомасын енгізу кезінде қателерді болдырмау.  Сонымен қатар, тұтынушылар төлемнің шекті мерзімдері, берешектер, артық төлемдер, тарифтер, есепке алу құралдары және басқа да нәрселер туралы ақпарат алады.

Жаңа шот бір парақта тұтынушылар үшін қажетті және маңызды ақпаратты қамтиды:

1) шоттың жоғарғы жолында негізгі қызмет жеткізушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген;

2) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шоттың (шот түбіртектің) төменгі бөлігі алынып тасталды;

3) шоттың төменгі бөлігінде, қызметтер бойынша төлем мерзімдері, төлем сомасын есептеу кезеңдері, берешек туралы мәліметтер сияқты және тағы басқа да қызмет жеткізушілерден келген ақпараттық хабарламалар мен ескертулер басылып шығарылады;

4) шоттың ең төменгі жолында жеке шоттың нөмірі және коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, «АЛСЕКО» АҚ сайты, шот қалыптастырылған кезеңі (айы/жылы) және шоттың мөрленген күні көрсетілген.

Жаңа нысанның үлгісін https://www.alseco.kz/uploads/bill/kk/  сілтеме бойынша alseco.kz сайтында көруге болады.

Алматы облысының тұрғындары үшін АЛСЕКО басып шығаратын коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шотта қосымша ақпарат пайда болады: шоттың жоғарғы бөлігінде негізгі қызмет жеткізушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген; шоттың төменгі жолында жеке шоттың нөмірі және коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, шот қалыптасқан кезеңі, оның мөрленген күні және «АЛСЕКО» АҚ байланыс деректері көрсетілген. Коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шоттың екінші бөлігі әзірше өзгеріссіз қалады. Бұл банктердің облыстық бөлімшелері жасалған төлемдер бойынша деректерді электрондық мұрағаттауға көшу процесінде болуына байланысты.

Шоттағы өзгерістер туралы сұрақтарға басқа жауаптарды мына жерден қараңыз: https://www.alseco.kz/kk/faq

«АЛСЕКО» АҚ коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттағы өзгерістер туралы хабарлайды «АЛСЕКО» АҚ коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттағы өзгерістер туралы хабарлайды
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар