«Қазақстанда электр энергиясы негізсіз арзан»

Электр энергиясының тарифтеріне қарсы популистік күрестің ешқандай мағынасы жоқ, өйткені бұл электр энергетикалық объектілерде авариялардың көбеюіне әкеледі.

Қазақстанда электр энергиясы негізсіз арзан және энергия объекітлердегі авариялардың саны өсетіндіктен тарифтерге қарсы популистік күрес мағынасыз болып қалады. ATAMEKEN BUSINESS телеарнасының «Brief қорытындылары» атты бағдарламасына түсініктемеде осындай танымал емес пікірді энергетика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаев білдірді. Іnbusiness.kz сұхбатының толық нұсқасында «KEGOC» АҚ-ның бұрынғы президенті электр қуатының тарифтерін арттыруға қатысты көзқарасын білдірді.

– Наурызбаев мырза, Қазақстанның, шынымен де, желілердің тозу салдарынан энергетикалық күйреу қаупі бар ма, осының бәрі қоғамдық кеңістіктегі Батыс Қазақстан облысы үшін қалай айтылады? 

– Әдемілік үшін проблемалар кейбір қорқынышты сөздермен аталады – күйреу, апат, «Чубайс кіресі». Адамдардың дүрбелеңін тудыратын және өмірдегі кейбір өзгерістерге әкелетін әдемі бейне әрқашан бар. Шындығында бәрі жаман емес. Бірақ проблема бар. Объективті айтқанда, Қазақстанда электр энергиясы өте арзан. Ол тіпті негізсіз арзан, неге десеңіз – өйткені бізде арзан көмір көп болғандықтан, электр энергиясы басқа елдерге қарағанда арзан болуы тиіс болса да, ескі энергетикалық объектілер тозып барады, ал жабдықтар әлемдік баға бойынша сатылады. Яғни, барлық металлдар, барлық автоматика әлемдік баға бойынша сатылады. Сондықтан да, бұл бөлікте біз үнемдей алмаймыз, тек отын құрамдасы бөлігінде үнемдейміз. Бұл тұрғыда, әрине, тарифтерге қарсы бұл популистік күрес мағынасыз, өйткені бұл авариялардың көбеюіне алып келеді. Мен бұл күйреу болады деп айтпас едім, бірақ сенімділік азаюда, ал сенімділік – авариялардың өсіп келе жатқан жиілігі. Проблема осында. Сенімділікті арттыру үшін көп ақша жұмсау керек, көп ақша жұмсау үшін – тарифтерді көтеру керек.

– Энергетикалық нарығының қатысушылары мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз желілерді дербес жаңарта ала ма? 

– Иә, бүкіл әлемде осылай болып жатыр. Мемлекеттен қаржылық қолдауды ешкім сұрамайды – бұл кәдімгі коммерциялық қызмет. Тек қана, біздің тарифтік реттеу, өкінішке орай, экономикалық емес, саяси болып табылады. Сайлау алдында тарифтерге шектеу қою керек деп айтты – тарифтер жеті жылға тоқтап қалды. Бір жыл өтті, тарифтердің өсуі тоқтатылды, ал қазір олар өсетін болады. Бірақ, халық, әдетте, тарифтер инфляцияға тең мөлшерде көтерілуі керек деген ойға үйреніп кетуі керек және таңқаларлық ештеңе жоқ.

- Жақында Атырау ЖЭО бірнеше миллиард бюджеттік теңгеге жаңғыртылды. Сіздің пікіріңізше, неге станция үнемі қала тұрғындарының көңілін қалдырады?

 – Осы авария – бұл шындығында станцияның сенімділігі онша жоғары емес екендігінің салдары болып табылады. Бұның екі жағы бар. Бірінші жағы – бұл алдыңғы жылдары салымдардың жеткіліксіздігі, екінші жағы – әрине, бұл авария менеджменттің әрекетінен туындағанына қаншалықты байланысты туралы менеджментке қойылатын сұрақ. Энергетикалық бақылау тексеріс жүргізуде, одан кейін авария неден болғандығы түсінікті болады.

– Кезекті қайта құру талап етілетіндіктен, Ақтау ЖЭО жылу мен су беруге бағаларды көтергісі келеді. Алайда, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет халық үшін тарифтерді көтеруге қарсы. Бұл жағдайда кімдікі дұрыс?

– Менің ойымша, ЖЭО-нікі дұрыс, өйткені ЖЭО өте ескі және жаңа жабдық сатып алу талап ететінін түсіну керек. Жаңа жабдықтардың бағасы батыстағыдай. Өкінішке орай, Қазақстанда өзінің арзан жабдығы жоқ. Жаюдықтар әлемдік нарықта бар, әлемдік нарық барлығына бірдей, американдықтар да, швейцариялықтар да, қазақстандық да үшін бірдей, сондықтан жабдық қымбат болып табылады, және осы жағдайға көну, оны түсіну керек. Монополияға қарсы комитеттің мәселесі - бұл жабдықтың құнын дұрыс санап қою, ал бұған ашық сатып алу рәсімдері арқылы қол жеткізуге болады. Екінші бөлігі – бұл қажетті жаңғыртудың көлемдері. Менің аймақтағы жағдай туралы пікірім – негізі, аймақ жалпы алғанда күрделі, өйткені үлкен қашықтықтарда халықтың тығыздығы аз және батыс өңірлерімізді байланыстыратын электр желілері керенудің төмен деңгейінде – 200 киловольт, және осының салдарынан осы желіде үлкен шығындар туындайды. Жалпы алғанда, осы өңірді жаңғырту, 500 киловольт желілерін салу керек, ал басқа жағынан – мұнай өндіруші ұйымдардың өз кен орындарда өте үлкен қуат өндірісі бар, бірақ олар бірыңғай желілерге байланысты емес.   

– Елордада екі ескі ЖЭО-ны жаңғыртуға және 10 жылға жуық созылған бірінші кезеңдегі ЖЭО-3-ті салуға бірнеше жүз миллиард теңге жұмсалды. Сіздің ойыңызша, елордалық энергетикалық кешенде қаражат қаншалықты тиімді игеріледі?

– Сіз дұрыс айтасыз, жобалар өте ұзақ уақытқа созылды. Әкім өзгерді, келісімдер өзгере басталды, жоба тоқталды. Бірақ олай болмау тиіс. Әкімдік энергетиктерге әсер етпеуі тиіс – бұл өзіне дербес жауапты, энергиямен қамтамасыз етуге жауапты, сенімділік үшін жауапты коммерциялық компания болуы тиіс. Әкімдіктің міндеті мәлімдеген сенімділік стандарттардың нақты деңгейге сәйкестігін қамтамасыз ету. Яғни, егер энергетикалық жүйе, мысалы, бір жыл ішінде энергиямен қамтамасыз етудегі үзіліс екі-үш сағаттан аспайтынын жарияласа, ал іс жүзінде үзілістер бір тәуліктен артық болса, бұл сенімділік стандартының сақталмайтындығын білдіреді. Тіпті заңнамада да компания иелеріне айыппұл салуға мүмкіндік бар, яғни олар ақшаны жоғалтады. Бірақ бізде бұл жұмыспен ешкі айналыспайды, ешкім сенімділікті санамайды және сондықтан да энергетикалық компаниялардың осы ойындарды ойнауға мүмкіндігі бар. Олар: «Бұл авария, біз ештеңе естей алмаймыз...» - деп айтады. Жалпы айтқанда, сенімділікті, өшіру санын есептеу арқылы бақылау тиімді болып табылады.

Станциларға салынған инвестицияларға қатысты айтатын болсақ - ол да әкімдіктің жүйесіз жұмысының мысалы. «Сарыарқа» газ құбыры салынуда, бұған қарамастан көмір ЖЭО салынады. Әкімдік осы екі міндетті үкімет деңгейінде, энергетикалық компаниялар деңгейінде келісуі қажет. Әкімдік осы мәселемен айналыспады, сондықтан қазір қалада газ болған, бірақ осы газға ешкі мұқтаж емес жағдай туды. Бұл нағыз сандырақ.

– Электр қуатының бағасы қуат тарифінің жоғарылауына байнасты өсе ме? 

– Өсуі тиіс, өйткені біздің энергетикалық саламызға қаржы жетіспейді, сондықтан баға өсетін болады. Біз бағаның ең төменгі жағында орналасқан елдердің тізімінде тұрмыз. Баға төрт-бес теңгеге өскен кезде, бізде жаңартылатын энергияның пайда болуы үшін нарықтық жағдайлар туындайтыны және одан әрі оны қолдау керек еместігі жақсы. Қазіргі уақытта, ұзақ уақыт жұмыс істеуге дайын инвесторлар пайда болды және біз бағаны төрт-бес теңгеге көтеріп, нарықтық жағдайға кіреміз. Біздің энергетикамыздың одан әрі дамуы барынша жасыл болады.

Бағаның қаншалықты көтерілетіні, әрине, монополияға қарсы реттеу және энергетикалық компаниялардың өз мүмкіндіктері арқылы анықталатын болады. Біз бағаны бір уақытта төрт теңгеге көтере алмаймыз, бұл ақша игеріле алмайды және осының себебі жоқ. Осы мәселенің екінші жағы – бұл тұтынушылар. Шындығында, біз электр энергияға бағаның көтерілуіне ойламай және жауапсыздықпен қараймыз – жай ғана ызаланып, «майлы мысқтарға» шағымданамыз. Бұл ретте, электр энергияға төлемдер ең үлкен емес. Адам деген, кейде бір шыны-аяқ кофені 800 теңгеге сатып алады, ал электр энергиясының жоғарылауы – бұл айына бір шыны-аяқ кофе. Яғни, халықтың көпшілігі электр энергиясының төрт теңгеге өсімін оңай көтере алады. Мысалы, егер үлкенірек отбасы алсақ жене олар 500 килловатт-сағат тұтынатын болса, онда бағаның төрт-бес теңгеге көтерулуі – бұл төлем екі мың теңгеге жоғары болатынын білдіреді, яғни айына екі-үш шыны-аяқ кофе. Бұл жағымсыз, бірақ өлімге әкелмейді, ал бұл жағдай қиынға әкеп соғатын адамдар өте аз. Бұл адамдарға мемлекет есебінен тікелей дотация беру қажет. Немесе одан да жүйелі айтсақ – елде ең төменгі жалақы мөлшерінің барынша жоғары деңгейін белгілеуді қамтамасыз ету керек. Біз ең төменгі жалақының мөлшерін төмен деңгейде белгілеген кезде, әрине, осының аясында аз қамтылған отбасыларды, көп балалы аналарды және тағы басқаларды қолдаудың қосымша мәжбүрлі тәсілдер басталады. Мұның бірі үлкен транзакциялық шығындарды көтеретіні түсінікті. Бұның бәрі жоғарылатынған жалақы мөлшері арқылы жеңіл болады – бұнда барлығы қымбатталған электр қуаты, қымбатталған газ үшін өздері төлей алады. 

Біздің тарифтеріміз әлемдік деңгейде өте төмен екенін, жабдықтарды әлемдік нарықтардан сатып алатынымызды және отын мен көмір ғана біздің энергетика тарифтерінің төмен болуына мүмкіндік беретінін қайта атап кетемін. Егер тарифтердің бағаларына қойлған шектеу алып тасталмаса, онда сөзсіз күйреу болар еді, өйткені ағымдағы жөндеулерге қаржы жетпеген болса, әрине, жабдық бұзылады. Экономика жағдайды өзгертуге мәжбүр етеді, тарифтер көтеріледі. Тарифтің өсу қарқыны – бұл мемлекет тарапынан сатып алу қалай өткізілетініне, сатып алу рәсімі қаншалықты ашық екеніне, әртүрлі бәсекелестерге қол жетімділік қамтамасыз етілгеніне және баға келісімінің жоқ екеніне бақылау жасау болып табылады. Бұл жағдайда, Қазақстанның негізгі энергия жүйесімен - орталығы мен шығысымен байланысты емес Батыста ерекше аймақ болғандықтан, шығындар негізделген болып табылады, инвестициялардың көлемі өңірдің мұқтаджықтарымен келісілген болуы тиіс. Бұл аймақта осы үш облысты байланыстыратын, айтарлықтай бір әлсіз желі бар және бұл үшін желілерді дамыту қажет. Бұл тұрғыда, әрине, мемлекет бір нәрсе ойластыру тиіс. Концессия болуы керек немесе мұнай-газ компаниялары бізге төлейтін роялтимен байланысты қандай да бір бағдарлама болуы керек. Олар энергетикалық желілерді дамыту үшін шығындардың қандай бөлігін өз мойнына ала алады, өйткені бұл оларға пайдалы.

Жалпы айтқанда, тарифтерге бақылау жасау жүйесі өте ескі және ашық емес. Әлемде тарифті реттеудің әртүрлі икемді схемалары жұмыс істейді, ал біз болсақ, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында тоқтап қалғандаймыз. Сондықтан, тарифтерді көтерудің әрбір жағдайы - ерекше, мүмкін, басқа жерлерде тарифтер негізсіз көтеріледі. Бірақ жалпы алғанда, электр қуаты бізде арзан, бізден нашар өмір сүретін елдерге – Граузияға, Украинаға қарағанда арзан.

– Нұр-Сұлтан желілеріндегі соңғы тоқтаулар, жазда болған Алматыдағы авария, Атырау ЖЭО-ның жұмысында ақаулық, жақында Ақтаудағы МАЭК-те қазандықтың істен шығуы – бұл энергетиктердің тарифтерді көтеру үшін қастандықтың тізбесі ме? Осыларды логикалық тұрғыдан қалай түсіндіруге болады? KEGOC Атыраудан Орал қаласына, содан кейін Теңгізге жейін жоғары вольтты желіні салғысы келді, жақында «Астана-РЭК» монополияларға қарсы жұмысшыларды тарифтердің төмендеуіне байланысты соттасты, алматылық электр станциялары «Самұрық-Энергоға» қарызданған инвестицияларды өтеу үшін қуат нарығынан төлемдер қажет болды. Бұның барлығы белгілі бір ойларға әкеп соғады. Жақында ғана «Самұрық-Қазына» 310 МВт газтурбиналық станцияны іске қосқандығын ескере отырып, екі апта бұрын Атырауда жарық сөнгені неге екені түсініксіз.

– Мен кез келген қастандық теориясы – бұл біреудің тікелей қателігі екенін әрқашан айтамын. Қаржының жетіспеуінен энергия желісінің жалпы төмендеуі байқалады, бірақ аварияның себебі болған әрбір бөлек жағдайды пысықтау керек. Көбінесе бұл басқарушылардың кінәсі.

Материалға сілтеме: https://inbusiness.kz/ru/news/elektroenergiya-v-kazahstane-neobosnovanno-deshevaya

«Қазақстанда электр энергиясы негізсіз арзан» «Қазақстанда электр энергиясы негізсіз арзан»
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы