Құрметті әріптестер!

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 9-шы желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күні 2003 жылы БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қабылданды. 2008 жылдың 4-ші мамырында Қазақстан да бұл құжатты ратификациялап, парақорлықты жоюға еш аяусыз, білек сыбана кірісетінін дәлелдеді. Қор тобының компаниялары ұлттық экономиканың маңызды бөлшегі болып табылады. Демек, бізге аса зор жауапкершілік жүктеледі. Қордың директорлар Кеңесі мен Басқармасы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы саясатын ұстанады. Бұл салада Қор көш бастап келеді және компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында біршама жаңа тетіктер әзірледі: Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясат бекітілді, Комплаенс-қызметтері құрылды, орталықтандырылған жедел желі жұмыс істейді. Оған азаматтар құпиялығын сақтай отырып, жемқорлық пен парақорлық фактілері бойынша ақпаратты жеткізе алады. Қордың беделі әрбір қызметкеріне байланысты. Біздің міндетіміз - контрагент, мемлекеттік органдар мен өз арамыздағы қарым-қатынаста сыбайластыққа жол бермей, әдептіліктің жоғары стандарттарын көрсете білу. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты, немесе әдеп кодексін бұзуға қатысты деректер сізге белгілі болса, Комплаенс-қызметіне хабарласуыңызды сұраймын. Оның мамандары барлық бағыт бойынша қажетті түсініктеме бере алады.

 Kұрметпен, Алмасадам Сәтқалиев

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар