«Дифференцияцияланған тарифтерді есептеу үогісі ретіндегі электрқуатына төлем мөлшерін есептеу» тақырыбындағы Дөңгелек стол нәтижелері бойынша жасалған Резолюция.

2010 жылдың 3 маусымында «Дифференцияцияланған тарифтерді есептеу үогісі ретіндегі электрқуатына төлем мөлшерін есептеу» тақырыбындағы Дөңгелек стол талқылауының 1-отырысы өтті. Оған НПО, бірқатар сарапшылар және тұтынушылардың белсенді бөлігі қатысты. «Дөңгелек стол» отырысының нәтижелері бойынша Қазақстан тұтынушылар Лигасы қарамағындағы монополист кәсіпорындар қызметін бақылайтын Қоғамдық Кеңес құру жөнінде шешім қабылданды. «Дөңгедек стол» нәтижелері бойынша жасалған Резолюцияда келесі негізгі шешімдер белгіленген болатын:

«Дифференцияцияланған тарифтерді есептеу үогісі ретіндегі электрқуатына төлем мөлшерін есептеу» тақырыбындағы Дөңгелек стол нәтижелері бойынша жасалған Резолюция

Қаулы қабылдау:

    1. «Дөңгелек стол» отырысының нәтижелері бойынша Қазақстан тұтынушылар Лигасы қарамағындағы монополист кәсіпорындар қызметін бақылайтын Қоғамдық Кеңес құру;
    2. 2. АлматыЭнергСбыт: Электрқуат үшін төлем өткізуде өзгерістер енгізу. Осыған байланысты тұтынушы есеп құралдарының көрсеткіштері бойынша төлемақыны қалауынша өз бетімен өтеуге немесе былтырғы тұтыну көрсеткіштері бойынша, оларды әр тоқсан сайын тиісті түзетулер енгізілген, екі жақты тексеру актысын бекітіп төлеуге мүмкіндік алады. Электрқуаты тұтынушыларына толық түсініктеме беретін бөлек шот-қиып бастып шығару мүмкіндігін қарастыру; Электрондық және баспасөз құралдары арқылы шот-қиыптарға ендірілетін өзгерістер жөнінде толықтай түсініктеме беру.
    3. «Қазақстан тұтынушылар Лигасы» бірлестігі Қоғамдық Кеңес және Алматы қ-сы әкімшілігімен бірге: Зейнеткерлер мен табысы төмен азаматтарды коммуналдық төлем өткізгенде банкілік комиссия ақысын төлеуден босату мәселесін талқылау:
    4.  «Қазақстан тұтынушылар Лигасы» бірлестігі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-мен бірлесіп: Өзгерілген шот-қиыптардың шығуынан 6 ай ішінде тұтынушыларды хабардар ету және түскен шағымдамала мен арыздарды зерттеу жүйесін әзірлеу. «Қазақстан тұтынушылар Лигасы» бірлестігі Сall-center орталығы мен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Байланыс Орталығында Жедел Байланыс жұмысын ұйымдастыру. Қолдағы әрекет мүмкіншіліктің бәрін салып Сall-center және Байланыс Орталығы Жедел Байланыс телефон нөмірлерін тұрғындар назарына жеткізу. Тұтынушылардың ұялы телефондарынан қысқа нөмір бойынша ақысыз қоңырау шалу мүмкіндігі жөнінде Ұялы байланыс операторларымен келісімдер жүргізу.
    5. Қоғамдық Кеңестің отырыстарын ай сайын өткізу;
    6. Қоғамдық Кеңес отырысының күнтәртібіне келесі тақырыптарды ендіру: Тарифтер құрылымы. Электрқуатын тұтыну көлемдері. Электрқуатының сапасы. Ескіленген электрқуат есеп-құралдарын ауыстыру.