Жеке тұлғаларға хабарлама

Дербес деректерді қорғауға байланысты, аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесіне жүгінген жағдайда,  тұтынушылардан өздерімен бірге жеке куәліктің болуын сұраймыз. Бұл өтініш білдірген тұлғамен шарт (дербес шот) жасалғанын анықтау үшін қажет.

ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, «Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi».

 Егер өтініш білдірген тұлға шарт бойынша тарап ретінде танылмаса, онда ол меншік иесінің ауысқаны туралы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС хабарлап, электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №233 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 9-тармағына сәйкес, «Объектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі жеке меншік құқығын тіркеген сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымды меншік иесінің ауысқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды және энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергиямен жабдықтау шартын (дербес шотты) жасасу үшін құжаттарды ұсынады».

Электрмен жабдықтау шартын жасасу нұсқаулығы

 

1. Тұтынушы электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің АЭЖБ-не жазбаша өтініш білдіреді.

2. Келесі заңды және техникалық құжаттарды ұсынады:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» №233 бұйрығына сәйкес:

1) тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісін;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесін;

4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы құжатты немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар көшірмесін;

5) жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынып, Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға берілетін бұйрықты (сенімхатты);

6) техникалық шарттарды (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

7) дербес деректерін жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін (жеке тұлғалар үшін);

8) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжатты.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес:

9) заңды тұлғаның уәкілетті органының атынан өздігінен шарттар жасасу үшін Бас сенімхаттың көшірмесі (заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен шарт жасасу кезінде)

10) кепілдік міндеттеме;

11) банк деректемелерін растайтын банк құжатының (анықтамасының) көшірмесі.

 

Шарт жасасуға қажетті «АЖК» (Алатау Жарық Компаниясы) АҚ-нан алынатын тұтынушының техникалық құжаттарының тізімі: 

1. тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

2. электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі;

3. техникалық шарттардың көшірмесі (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

4. Авариялық және (немесе) технологиялық бронның актісі (қажет болған жағдайда).

 

Бюджеттік ұйымдар үшін қосымша ұсынылады:

1. Фирмалық бланкіде шарт жасасып жатқан бюджеттік ұйымның бірінші басшысы мен бас бухгалтердің қолы қойылған және  Бюджеттік бағдарламаның коды, атауы, қаржыландыру сомасы (жазбаша) көрсетілген ұйымның хаты;

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» №245 бұйрығына сәйкес, шарт жасасу кезінде:

а) мемлекеттік мекеме болып табылатын үздіксіз энергиямен жабдықтау объектісі облыстық қаржы басқармасының осы мекеменiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына бюджетте көзделген қаражаты туралы жазбаша растау бередi; 

б) мемлекеттік кәсiпорын немесе өзгеше ұйым болып табылатын үздіксіз энергиямен жабдықтау объектісі энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен ресiмделген банкiлiк кепiлдемені бередi. 

 

Ескерту – Шартты қолдану мерзімінің аяқталуына немесе шарттың жаңа редакциясының енгізілуіне байланысты, тұтынушымен шарт жасасу кезінде оларға тек (тұтынушының жеке ісінде олар болған жағдайда және оларда қандай да бір өзгертулер болмаса) өздерінде жоқ заңды және техникалық құжаттарды ұсынады.

Тек меншік иесі заңды тұлға өзгерген кезде сыртқы энергиямен жабдықтау схемасы және тұтынылатын қуат өзгермеген жағдайда, заңды құжаттардың толық пакеті (I тарм.) мен техникалық құжаттама ұсынылады (ІІ тарм.).

Объектілердің иесі ауысқан жағдайда, техникалық шарттарды беру талап етілмейді.

Мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жыл сайын энергиямен жабдықтау шартын жаңа мерзімге жасау кезінде міндетті түрде осы тізімнің 6 тарм. көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.