Дербес деректерді қорғауға байланысты, аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесіне жүгінген жағдайда,  тұтынушылардан өздерімен бірге жеке куәліктің болуын сұраймыз. Бұл өтініш білдірген тұлғамен шарт (дербес шот) жасалғанын анықтау үшін қажет.

ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, «Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi».

Егер өтініш білдірген тұлға шарт бойынша тарап ретінде танылмаса, онда ол меншік иесінің ауысқаны туралы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС хабарлап, электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №233 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 9-тармағына сәйкес, «Объектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі жеке меншік құқығын тіркеген сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымды меншік иесінің ауысқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды және энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергиямен жабдықтау шартын (дербес шотты) жасасу үшін құжаттарды ұсынады».