"АлматыЭнергоСбыт"  ЖШС атқарылатын қызметтерін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді. Қазіргі уақытта Алматы қаласы және Алматы облысы электрқуат тұтынушыларына шот ақысын келесі төлем өтеу тәсілдері ұйымдастырылған:

1.  ЖШС "АлматыЭнергоСбыт" сайты арқылы

2.  «БТА банк» АҚ – ы терминалдары арқылы

1.  Интернет арқылы төлем жүргізу:

а) "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС сайты арқылы

Тұтынушының әрқайсысы, үйден шықпай-ақ, пайланған электрқуат шоты төлем ақысын өткізе алады. Керегі Интернетке қосылу , www.esalmaty.kz сайтына кіру, Жеке кабинетте тіркеліп, электр энергиясына төлем өткізу. Бұл амалдағы басты шарт – қолыңызда төлем карточкасының болуы.

Сайт арқылы төлем өтеу  операциясы  үшін комиссия ақысы алынбайды.

б) Интернет банкинг

Интернет-банкинг – электрқуат ақысын төлеудің ыңғайлы және жылдам тәсілі. Интернет- банкинг арқылы төлемді жүргізу үшін сізде Интернетке қосылған компьютердің және төлем карточкасының болуы жеткілікті. Төлем өтеу Банкіде ашылып, қаржымен қамтылған қандай болсын жеке карталық шоттан жүргізілу мүмкін.

2.  АҚ «БТА банк» терминалдары

Сіз қажетті соманы АҚ «БТА банк»  терминалдары арқылы қолма – қол ақша салу жолымен төлей аласыз. Төлемді Алматы қаласы және облысы тұтынушылары жүргізе алады. Қажетті жағдайда, төлем жүргізу кезінде тұтынушыға өзіндік көрсеткіштерін айқындау мүмкіншілігі беріледі.

Терминалдар мекен жайы

3.  «Таулинк» электрондық төлемдер жүйесі арқылы

Қазіргі кезде көптегендер ұялы телефон төлемдерін өзіне қызмет атқару терминалдары немесе pos- терминалдар арқылы өтеп келеді. Мұның да амалы сондай, айырмашылығы тек электр қуат ақысын өтеуде ғана. Шотқа тиесілі соманы өтеп, төлем жүргізілгені жайында чек аласыз, сонымен қатар, төлем жүргізу кезінде тұтынушыға өзіндік көрсеткіштерін айқындау мүмкіншілігі беріледі.

 

Е-mail бойынша қиып алу

Коммуналды қызметтер тұтынушыларында "АЛСЕКО" АҚ http://www.alseco.kz/  басып шығаратын  шот - қиыптарын алуға жаңа мүмкіншілігі пайда болды. Енді сіз шот - қиыптардың электрондық жіберілу тіркеуіне жазылып, оны е-mail арқылы ала аласыз. Коммуналды қызметтер төлем шот - қиыптарын электронды поштамен алу бұрынғы пошта арқылы алудан бірқатар артықшылықтары бар.

Біріншіден, демалысқа немесе ұзақ жұмыс сапарына кеткен жағдайларда қиып-шот сіздің e-mail поштаңызға дер кезінде жетеді.  

Екіншіден, шот – қиыптың тиісті мекен жайын табатыны күмәнсіз, себебі оған қағазды што жеткізетін пошташы жолында домофон немесе ауладағы ит үруі секілді кедергілер бөгет болмайды.  

Ақырында, енді сіз бұрынғыдай пошта жәшігіне үңілмей, компьютер арнасынан қай шотты қашан алуды өзіңіз шешесіз.

Шот – қиыпты электрондық пошта арқылы алу үшін сіз "АЛСЕКО" АҚ шарттар бөлімінде тиісті Арыз мәтінін толтырып, келесі құжаттар тізімін тапсыруыңыз қажет:

- жеке куәлік түп нұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тапсыру;

- тұрғын орынға тиесілі заңды құжаттар көшірмесі (сату-сатып алу келісім-шарты (сыйға тарту жайында)), мұрагерлік туралы куәлік (немесе  құқығына кіргенін растайтын басқа да құжаттар)  және Меншік иесі туралы мәліметтер (тіркелуде берілетін құжат).

Арыз және жоғарыда аталған құжаттар сканерленген түрде келесі электрондық мекен жайға жіберілу тиіс This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. немесе podpiska@alseсo.kz

Назарыңызға! Электрондық таратылымға жазылу кезінен бастап қағаз жүзіндегі қиыптар жеткізілмейді.  Егер тұтынушы екі ай бойы электрондық мекен жайына түскен шот – қиыптар арқылы коммуналдық қызмет төлемдерін өткізбесе, "АЛСЕКО"  АҚ электрондық пошта арқылы шоттарды жіберуді доғарып, оларды бұрынғыдай қағаз жүзінде жеткізуді қайта бастайды.