«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС әлеуметтік-бағытталған компания ретінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын тойлау қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету бойынша «АРДАГЕР-Мәңгі Даңқ!» (әрі қарай мәтін бойынша ҰОС) акциясын жүргізеді. Акция аясында Алматы қаласы мен Алматы облысының аймағында тұратын ҰОС ардагерлеріне электр энергиясын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылған.

Аталған акцияның мәні мынада:

2015 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанға дейін ҰОС ардагерлері айына 70кВтс электр энергиясын төлеуден босатылады. Ардагерлер  осы көлемнен артық тұтынылған электр энергиясы үшін ғана төлем жүргізеді. Егер айлық тұтыну 70 кВтс-тан кем болса, акция бойынша қалған пайдаланылмаған кВтс келесі айға ауыстырылмайды.

Акция қатысушылары ай сайын есепке алу аспабының көрсеткіштерін түсіруді және 70 кВтс шегергендегі төленуі тиіс соманы есептеу қажет.

Акция қатысушыларына арналған тұтынылған электр энергиясын есептеу үлгілері:

1. Тұтынылған көлемге байланысты тарифтер бойынша есептеу.

1 деңгей 90 кВтс-қа дейін

2 деңгей 90 кВтс-тан 160 кВтс-қа дейін

3 деңгей 160 кВтс-тан астам

 

Тұратын 2 адамға арналған үлгі:

1 айға тұтыну 350 кВтс құрады.

1 деңгей бойынша 1 адамға көлемі 90 кВтс * тұратын 2 адам =180кВтс -70кВтс (акция)= 110 кВтс бірінші деңгей бойынша төлем.

 

1 кВтс үшін бірінші деңгей тарифі 15,39 теңге

110*15,39=1 692,90 теңге төлемге;

 

1 кВтс үшін екінші деңгей тарифі 20,85 теңге

140 (тұратын бір адамға 2 деңгейдің көлемі 70 кВтс (160-90=70) *тұратын 2 адам=140) 140*20,85=2 919,00 теңге төлемге;

 

1 кВтс үшін үшінші деңгей тарифі 26,08 теңге

30 кВтс қалған көлем (350 кВтс қалған көлем-тұратын 2 адамға 1 деңгей бойынша көлемі 180 кВтс - тұратын 2 адамға 2 деңгей бойынша көлемі 140 кВтс=30 кВтс)

30*26,08=782,40 теңге төлемге.

Төлемге БАРЛЫҒЫ: 1 692,90+2 919,00+782,40=5 394,30 теңге.

2. Тәулік мезгілі бойынша сараланған тарифтерді есептеу:

 

1 айға тұтыну құрады:

Күндізгі тарифтік мөлшерлеме бойынша (7-00-ден 23-00-ге дейін) 130 кВтс,

Түнгі тарифтік мөлшерлеме бойынша (23-00-ден 7-00-ге дейін) 40 кВтс.

 

1 кВтс үшін күндізгі тарифтік мөлшерлеме 22,29 теңге

130 (күндізгі тариф бойынша жалпы шығын) -70(жеңілдік)=60 (кВтc төлемге)

60*22,29=1 337,40 теңге (акция бойынша күндізгі тариф арқылы көлемнен артық тұтынылған электр энергиясының төлем сомасы).

Күндізгі зона бойынша тұтыну 70 кВтс-тан кем болған жағдайда, қалдық түнгі зона бойынша алынады.

                           

1 кВтс үшін түнгі тарифтік мөлшерлеме 4,87 теңге

40 кВтс (түнгі тариф бойынша жалпы шығын)*4,87 (түнгі тарифтік мөлшерлеме)= 194,80 теңге (түнгі тарифтік мөлшерлеме бойынша электр энергиясының төлем сомасы). 

Төлемге БАРЛЫҒЫ 1 337,40 + 194,80=1 532,20 теңге .

Егер 1 ай ішіндегі тұтынылған электр энергия көлемі 70 кВтс-тан кем болған жағдайда, төлем «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қаражаттары есебінен жүргізіледі.