Тұрмыстағы электрқуатынан жарақаттану

Тұрғындар тұрмысындағы ең жиі кездесетін жарақат электржарақаттану. Оған тұрмыста болатын жеке үйлік, пәтерлік, коммуналдық желіде тоқ әсерінен тиетін жарақаттар жатады. Тұрмыстағы мұндай олқылықтардың негізгі себебі электр құралдарымен дұрыс пайдалану білмегендіктен туады. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер арасында  осы мәселеге қатысты белсенді насихат жүргізу қажет.

Көппәтерлі  үйдің барлық пәтерлеріндегі теледидарларды, тоңазытқыштарды, электр қырынғышты, электр каминдерді, электрлік ойыншықтарды және т.б. электрлік құралдарды қосып санағанда, олардың сомасы мен анықталған қуат көлемі бойынша орта мөлшерлі зауыт немесе фабриканың электрлік қондырғысынан асып түседі. Бірақ егер әр  кәсіпорында кәсіби одақ инспекторлары, энергиялық инспекция қызметкерлері жүргізетін еңбек қорғау және электрлік қауіпсіздік орындалуын қадағалайтын арнайы қызмет болса, тұрмыстық электр жабдықтарды пайдалану тек қана пәтер иелері қамында, ал көбінесе олардың арнайы дайындығы жоқ.

Тұрмыстық электрлік жарақаттану –  заманауи өркениеттің «теріс әсері» деуге болады. Әлемнің бірде – бір мемлекетінде, техникалық мәдениет деңгейі және тұрғындардың біліктілігі жо,ары болса да, электр қуатын тұрмыста толығымен қауіпсіз пайдалануға жете алған емес. Сатылымда құрастырымы олқы, сенімсіз және электрлік қаптамасы беріксіз электрлік құралдар кездесіп тұрады.

Тұрмыста тұрғындардың ескірген, немесе бұзылған техника құралдарымен пайдаланатыны жоқ емес. Кейде дұрыс істейтін, жаңа электр құралдар да теріс қолдану салдарынан қауіпті болуы әбден мүмкін. Кей пәтерлерде сөндіргіштер, есік қоңыраулары, розеткалар сияқты саймандар қажетті күйде сақталмаған жағдайлар кездеседі. Тұрмыс саймандарын қолдану кезінде ток кернеуінің соғуына ұшырап, тірі қалған адамдар да аз емес. Кейде мұндай адамдар 220 В кернеуіне немқұрайлы қарап, оның адам өміріне қауіпін жоққа шығарады. Бұл әбден теріс түсінік, себебі кейбір жағдайларда мұндай кернеу адам денесінен өткенде өлімге апарар қуатынан  2,2 есе ұлғаюып кетуі де мүмкін.  

Тқрмыста жиі кездесетін тағы бір олқы жағдай – арнайы маман шақырмай, электр жабдықтары бұзылғанда, тіпті ең күрделі жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүргізу әрекеттері. Кейде тұтынушылар электрқуатын уақытша қосқанда, құралдарды қолдану ережелерін ескермей пайдаланатын жағдайлар да болады; әсіресе жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаларды электржарығымен қаптау немесе тасымалды шам-жарық құралдарын қосу әрекеттерінде ұшырайтын апаттар жиі кездеседі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ҚАРАПАЙЫМ ТҰРМЫСТЫҚ КЕҢЕСТЕР:

● тоңазытқышты, және басқа да электр құралдарын жуғанда  оларды алдын-ала электрқуатынан ажыратыңыз;

● Лампалар мен сақтандырғыштарын ауыстырғанда  тиісті жалпы пәтерлік сөндіргішті электрқуатынан жырату қажет;

●Жуыну бөлмесінде электр құралдарын токқа қосылу қалпында қалдыруға болмайды, себебі бөлменің дымқыл ауасы электрқуатын қатты тартады. Жуыну кезінде 220 В кернейінде істеп, суға түскен радиодинамик немесе шам құралдары ауыр зардабтарға алып келеді;

● розеткалар ванна мен қолжуғыштан алшақ болу тиіс;

● су тиген немесе сымы жалаңаш кептіргіш фен және электр қырынғыштарымен пайдаланбаңыз;

● сымынан тартып айырғышты розеткадан айыруға болмайды (сым ұзілгенде кернеулі өткізушілер жалаң қалуы мүмкін);

● үтікті су қолмен ұстаушы болмаңыз, және еден үстінде жалаңаяқ тұрып киім үтіктемеңіз, себебі электр тогы соғатын жағдай туса, денеден өткен кернеу қуаты ұлғайып, ауыр электржарақатына ұшырауыңыз мүмкін.

● кішкентай балаларға үтік сымы қызық тартатынын ұмытпаңыз, сондықтан оны балалардан алшақ жерде ұстаңуыңыз жөн, және ешқашанда токқа қосылған үтікті қараусыз қалдырмаңыз, бұл өрт қауіпсіздігі үшін де қажет;

● ыстық үтік сыртына сымын орамаңыз, бұдан сым қаптамасы балқып бұзылуы мүмкін;

● үтіктің буландырғыш ыдысына су құяр алдында, айырғышты розеткадан суырып алу қажет;

 

● розеткаға бір айырғыштан көп салмаңыз, әйтпесе, бірнеше айырғыш ток тізбегінде  қысқа тұйықталуға әкеліп, өрт шығару мүмкін;

● Ұзартқыш сымды пайдаланып болған соң алдымен розеткадан айырғышты ажыратып, одан кейін сымды орауыңызға болады;

● шырша шамдарын орнату кезінде ең қарапайым қауіпсіздік ереже шараларын ұмытпаңыз;

● егер отбасында кішкентай балалар болса, онда қолданылмайтын розеткаларды арнайы бітеушілермен қаптап қойған жөн;