1. Тұтынушы электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің АЭЖБ-не жазбаша өтініш білдіреді.

2. Келесі заңды және техникалық құжаттарды ұсынады:

I. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» №233 бұйрығына сәйкес:

1) тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісін (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісін;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесін;

4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы құжатты немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар көшірмесін;

5) жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынып, Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға берілетін бұйрықты (сенімхатты);

6) техникалық шарттарды (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

7) дербес деректерін жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін (жеке тұлғалар үшін);

8) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжатты.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес:

9) заңды тұлғаның уәкілетті органының атынан өздігінен шарттар жасасу үшін Бас сенімхаттың көшірмесі (заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен шарт жасасу кезінде)

10) кепілдік міндеттеме;

11) банк деректемелерін растайтын банк құжатының (анықтамасының) көшірмесі.

II. Шарт жасасуға қажетті «АЖК» (Алатау Жарық Компаниясы) АҚ-нан алынатын тұтынушының техникалық құжаттарының тізімі:

1) тараптардың тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі;

3) техникалық шарттардың көшірмесі (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);

4)Авариялық және (немесе) технологиялық бронның актісі (қажет болған жағдайда).

III.  Бюджеттік ұйымдар үшін қосымша ұсынылады:

1) Фирмалық бланкіде шарт жасасып жатқан бюджеттік ұйымның бірінші басшысы мен бас бухгалтердің қолы қойылған және Бюджеттік бағдарламаның коды, атауы, қаржыландыру сомасы (жазбаша) көрсетілген ұйымның хаты;

2)Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» №245 бұйрығына сәйкес, шарт жасасу кезінде:

а) мемлекеттік мекеме болып табылатын үздіксіз энергиямен жабдықтау объектісі облыстық қаржы басқармасының осы мекеменiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына бюджетте көзделген қаражаты туралы жазбаша растау бередi; 

б) мемлекеттік кәсiпорын немесе өзгеше ұйым болып табылатын үздіксіз энергиямен жабдықтау объектісі энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен ресiмделген банкiлiк кепiлдемені бередi. 

Ескерту – Шартты қолдану мерзімінің аяқталуына немесе шарттың жаңа редакциясының енгізілуіне байланысты, тұтынушымен шарт жасасу кезінде оларға тек (тұтынушының жеке ісінде олар болған жағдайда және оларда қандай да бір өзгертулер болмаса) өздерінде жоқ заңды және техникалық құжаттарды ұсынады.

Объектінің иесі өзгерген жағдайда, жаңа меншік иесі жеке меншік құқығын тіркеген сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымды меншік иесінің ауысқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды және энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергиямен жабдықтау шартын жасасу үшін 4) тармақша I тармағына сәйкес құжаттарды және барлық техникалық құжаттарды ұсынады.

Объектілердің иесі ауысқан жағдайда, техникалық шарттарды беру талап етілмейді.

Мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жыл сайын энергиямен жабдықтау шартын жаңа  мерзімге жасау кезінде міндетті түрде осы тізімнің 1) тармақшасы III тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.