Даму бағдарламалары мен бағыттары

  • Электр Энергиясы тұтынушыларына қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын ендіру мен Сервис деңгейін арттыру; 
  • Тұтынушылардың туындаған мәселелерін шұғыл түрде шешуге бағытталған тұрғындарға Қызмет Көрсету Орталықтарын құру;
  • Электр қуатымен жабдықтау бойынша   мәлімет-деректер беретін тәулік бойы істейтін Байланыс Орталықтарын құру;
  • Электронды төлем ақы өткізужүйесін ендіру;
  • Оқу орталығын құру;

 

Тұтынушылар Базасы мен Жабдықтаушылар Базасын Сақтау және одан әрі Кеңейту;

 

Шығындарды қадағалайтын тиімді басқару жүйесін құрып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ету;

Бизнес әрекетінің әрқайсысындағы әр қызметкер ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сай қызмет атқарып, шығын шамаларын кемітуге тырысады. Компания жаңа технологияларын ендіруде, кеңсе қызметін атқаруында жұмсалған шығындары тариф құрылымына ықпал жасамайды; 

 

Энергияны Сату қызметіне жаңа технологияларды  Дайындау және Ендіру және Бизнес Процестерді автоматтандыру

  • Есепт жүргізу және қызмет көрсету тарификациясын мейлінше жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін биллинг жүйесін ендіру жоспарлануда. Мұның нәтижесі төлем ақы шоттарының дәлдігін және электрқуат шығындарын ұқыппен реттеуіне ықпал етіп,  тұтынушыға ыңғайлы жағдай туғызады. Онымен қатар, биллинг жүйесі энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырады. Тұтынушылардың бірыңғай базасын  (жеке және заңды тұлғалар) бақылау арқасында кейбір арамза төлемшілердің теріс әрекеттерін дер кезінде әшкерелеу мүмкіндігі туады. Дербес шоттар жүйесін құру, ең алдымен, тұтынушыларға еншілес құрылымдарына (заңды тұлғалар үшін), туған-туысқандарына (жеке тұлғалар үшін) ұсынылатын қызметтер бойынша өзара есеп жүргізу мүмкіндігін алуға жағдай жасайды. Биллинг жүйесінің клиенттер үшін күрделі тарифтік жоспарларын және бонустық бағдарламаларын құруы өте маңызды болып табылады.
  • Жақын арада «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы, мысалы осы сайтқа кіріп, Интернет арқылы шоттарға төлем жүргізуге мүмкіндік беретін технологияларды ендіруді жоспарлап отыр.

2014 жылға дейін аталған жоспарлардың бәрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын тұтынушылар үшін іске асырылады.

 

Тұтынушыға мейлінше сан алуан қызметтер түрін көрсету

Келісім шарттар жасасу, тұтынған электр қуаты үшін есеп-шоттарды рәсімдеп жеткізумен бірге, тұтынушы өз төлемдерінің тарихын саралап, келешектегі шығындарын жоспарларлауға мүмкіндік беретін дербес шоттар ашу жоспарланып отыр.

Компания тұтынушыға энергия үнемдеуші технологиялар жөнінде ұсыныстар бере алады.

 

Компанияға ендірілген халықаралық ИСО 9001:2000 стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етіп,үнемі арттырып отыру.

«Алматыэнергосбыт» компаниясы сапа менеджмент жүйесін үш жылда бір рет сертификаттап отырады. Жыл сайын бақылау аудиті жүргізіледі.

 

Компанияның әр Қызметкерін жұмыс атқаруына қажет жағдайларын жасау және оның маман біліктілігін арттыру 

«АлматыЭнергоСбыт» Алматы энергокешенінің ажырамас бөлігі бола тұрып, сапалы маркетинг саясатын жұргізу және нарық қатысушыларымен серіктес қатынастарды нығайту арқасында энергиямен жабдықтау қызметін сенімді түрде орындап, бүкіл аймақтық энергожүйесін күнделікті қаржыландыру шараларын атқаруда. Бұл, өз кезегінен, аймақтық электрқуат қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.