2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) «Самұрық-Энерго» АҚ тобының ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделді.

Қаулыны орындау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басым тәртіпте бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын иелік етуі және (немесе) пайдалануы және (немесе) билік етуі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсерін тигізетін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ірі еншілес тәуелді компанияларының тізілімін (№ 1 тізілім), сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын компаниялардың тізілімін (№ 2 тізілім) бекітті.

Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және  дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік құқығымен «Самұрық - Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін іске асыру, қайта құрылымдау бірыңғай ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) жүзеге асырылады.

ЖШС «Алматыэнергосбыт»  № 1 тізілімінің активтеріне енгізілген. Ережеге сәйкес № 1 тізілімінің активтерін сату активтердің құнын, сату тәсілдері мен шарттарын бағалау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның  www.samruk-energy.kz. сайтынан біле аласыздар