«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы АПК АҚ-ын қайта құрудың нәтижесінде 2006 жылы құрылған. 2004 жылғы Электр энергетикасы жөніндегі Заңның 25 бабына сәйкес өткізілген реформаның мәні электрқуатын тасымалдау және электр қуатымен жабдықтау қызметтерін бір бірінен ажырату мақсатына негізделген. Бұл реформаның құндылығы Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушылары мен энергоқуат кешенінің субъектілері арасында нарықтық қатынастар орнатуда жатыр. Нарық механизмдері бәсекелес орта құрылуына ықпал жасап, нәтижесінде электрқуатымен жабдықтау қызметінің  сенімділігін арттыруға әсерін береді.

2004 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша электрқуатымен жабдықтаушы мекемелер құрылды, ал Алматы қаласы және Алматы облысын қамтамасыз етуші «Алматыэнергосбыт» компаниясы өз қызметін 2007 жылы ғана бастады.   

«Алматыэнергосбыт» Алматы қаласы және Алматы облысы энергоқуат кешенінің бір бөлігі болып табылады. Аталған ұйымның міндеттеріне әртүрлі өндірушілерден Алматы қаласы мен Алматы облысына электр қуатын жеткізу, келісім шарттар жасасу және электрқуатын тұтынушыларға сату қызметтері кіреді .

Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысының энергия кешені құрамына энергия жабдықтау кәсіпорны ретіндегі «Алматыэнергосбыт» компаниясымен қатар қуат өндіруші және жеткізуші компаниялар кіреді:

  • Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін жылу және электр қуатын өндіретін АлЭС «Алматы Электр Станциялары» компаниясы. Қазіргі таңда өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен облысының қажеттілігінің шамамен 60%-ын қамтамасыз етеді. «АлЭС» құрамына ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС, Алматы СЭС Сарқырамасы, «Энергоремонт» Өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ЦПВТ кіреді.
  • «АЖК»  – қуаты 220-110-35-10-0,4кВ кернеуге аймақтық желілері бойынша электр энергиясын жеткізіп, әрі тарататын қуат тасымалдаушы  компаниясы.  Бұл тұрғындар үшін және Алматы қаласы мен Алматы облысында өз қызметі аймағындағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қамтамасыз ететін, электр энергиясын тасымалдау және таратумен айналысатын  республикамыздың оңтүстігіндегі ірі энергетикалық жүйе. Қазіргі таңда «АЖК» электр энергиясымен Алматы облысының 8 ауданын қоса алғанда, Алматы өңірінің 2.3 миллион тұрғынын қамтамасыз етеді.

Алматы Энергия Кешенінің барлық кәсіпорындары «Самұрық Энерго» АҚ құрамына кіреді. Бұл компанияның негізгі мақсаттары «Самұрық Қазына» холдингі құрамындағы  энергетикалық активтерді шоғырландыру, корпоративтік басқаруды оңтайландыру, Қазақстандағы қуат өндірістерін құру және жаңғырту бойынша бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру.       

«Самұрық-Энерго» АҚ-ы 2007 жылдың мамыр айында қолданыстағы өндіруші қуаттарды жаңғырту мен жаңа қуат өндірістерін құру жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мақсатында құрылған.