Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізді.
Жария тыңдауларға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның тұтынушылары мен өкілдері, мүдделі тұлғалар Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирге қатысты https://m.facebook.com/dkrem.almaty/.
Жария тыңдаулар барысында тұтынушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның өкілдері тиісті түсініктемелер берді.
Жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі заңнамада белгіленген мерзімде қабылданатын болады.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/15580?lang=kk